Ванадий кентастары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Vanadium etched.jpg
Ванадий кентастары

Ванадий кентастары – құрамында ванадий элементі бар табиғи минералдық шикізат. Басты минералдары: ванадинит, деклуазит, купродеклуазит, карнотит, роскоэлит, патронит, түйемойнит. Ванадий өндірілетін кендерден ванадиймен қатар темір, титан, уран, мырыш, қорғасын, мыс, молибден, алюминий, фосфор алынады. Ванадий кентастары магмалық, жапсарлы-метасоматиттік, экзогендік (шөгінді және тотығу белдеміндегі) және метаморфогендік болып бөлінеді. Магмалық кендердің құрамында титан-магнетит, магнетит-ильменит, ильменит-гематит, ал жапсарлы-метасоматиттік (скарндық) кендерде магнетит, гидротермальдық кендерде магномагнетит кездеседі. Экзогендік кендерде ванадий кентастары бірнеше түрлерге ажыратылады: деклуазитті, купродеклуазитті және ванадитті қорғасын-мырыш; мысты кентастардың тотығу белдемдері; карнотитті, түйемойнитті және роскоэлитті шөгінділер; ванадийлі фосфорит; ванадийлі мұнай (1%-ға дейін V2O5), т.б. Метаморфогендік кендерде ванадий кентастары кристалдық тақтатастарда және габбро-амфиболиттерде түзіледі. Қазақстанда ванадий кентастары Қаратаудың солт.-батысында, Талас Алатауы мен Теріскей Алатауында, кембрийдің көмір-кремнийлі тақтатастарынан табылды.

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Ванадий кентастары|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}