Валюталық демпинг

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Валюталық демпинг бағасы төмен тауарларды валютасы құнсызданған елдерден валютасы салыстырмалы түрде тұрақты елдерге экспорттау, валюталық демпинг тауарлардың ішкі жоғары бағаларымен және төмен экспорттық бағаларымен, тауарлардың сыртқа дүниежүзілік орта көрсеткіштерден төмен бағалар бойынша көптеп сатылуымен ерекшеленеді. Сырт жерлерге шығарылатын тауарлардың бағасын кемітудің көзі — неғұрлым тұрақты шетел валютасын құнсызданған ұлттық валютаға айырбастағаннан түскен айырмашылықтан пайда болатын экспортгық сыйлық деп аталатын табыс. Тарифтер мен сауда жөніндегі бас келісімнің (ГАІТ) 1967 жылғы конференциясында халықаралық Демпингке қарсы кодекс қабылданды. Онда демпингті (оның ішінде валюталық демпингті де) қолданған жағдайда жүзеге асырылатын арнайы санкциялар көзделген.

<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейітқасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 </ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}