Валерий Васильевич Кошкин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Валерий Васильевич Кошкин - 1946 жылы РКФСР Алтай өлкесінің Бийск қаласында туған.Орыс. Әкесі - Кошкин Василий Николаевич (1919-2008), автомеханик болып жұмыс істеген. Анасы - Кошкина Анна Ивановна (1924-1994), бухгалтер болып жұмыс істеген. КТУ (Бийск қаласы, 1964); Харьков өнер институтының актерлік факультетін (1974) бітірген, драма театрының актері. Орыс және украин тілдерін біледі. 1964 жылдан - Бийск химия комбинатының 4-ші дәрежелі электр монтері. 1965 жылдан - Спирт комбинатының электр монтері (Бийск). 1965 жылдың маусым айынан - Кеңес Әскерінің қатарында қызметте. 1967 жылдан - Темекі фабрикасының электр монтері (Бийск). 1968 жылдың наурыз айынан - Қалалық телевизия студиясының дикторы (Бийск). 1968 жылдың тамыз айынан - Бийск қаласының драма театрының актері. 1969 жылдың қыркүйек айынан - Донецк қалалық №8 құрылыс басқармасының электр монтері. 1970 жылдан - Харьков өнер институтының студенті. 1974 жылдың ақпан айынан - «Поршень» зауыты клубының үгіт бригадасының жетекшісі (Харьков). 1974 жылдың тамыз айынан - Қызыл тулы Солтүстік флотының драма театры актері (Мурманск). 1975 жылдың қыркүйек айынан - Сызрань қаласының Мемлекеттік драма төатрының актері. 1976 жылдың мамыр айынан - Са- ратов қаласындағы облыстық телевизия және радиохабар жөніндегі комитеттіңдикторы. 1976 жылдың тамыз айынан - Бийск қаласының драма театрының актері. 1978 жылдың қыркүйек айынан - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма төатрының актері. 1985 жылдың қыркүйек айынан - Шығыс Қазақстан облыстық филармониясының әңгіме жанры әртісі. 1987 жылдың тамыз айынан - Өскемен мәдени-ағарту училищесінің режиссура дәріскері. 1989 жылдың қыркүйек айынан - Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомитетінің дикторы. 1991 жылдың қыркүйек айынан - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актері. 1992 жылдың наурыз айынан - Шығыс Қазақстан облыстық телерадиокомитетінің электронды монтажжөніндегі маманы. 1993жылдың қаңтар айы- нан - «Инко» РТК телеарнасының директоры (Өскемен). 1993 жылдың мамыр айынан бері - Жамбыл атындағы Шығыс Қазақстан облыстық драма театрының актері. Қазақстан Театр қайраткерлері одағының мүшесі. Мәдениет қайраткері (2009). Әскери атағы - запастағы аға сержант. Діни көзқарасы - атеист. Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - П.А. Столыпин. Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Қазақстан әлемнің дамыған 50 елінің қатарына қосылады». Хоббиі - радиоәуесқойлық, поэзия. Сүйіп оқитын әдебиеті - барлық әдеби жанрлар. Үйленген. Жұбайы - Кошкина Людмила Михайловна (1949 ж. т.). ¥лы - Кошкин Виктор Валерьевич (1976 ж. т.);<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>


{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

қызы - Кошкина Ольга Валерьевна (1982 ж. т.).Үлгі:Bio-stub