Валентинит
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Валентинит – тотықтар класының минералы. Химиялық формуласы Sb2O3. Ромбылық сингонияда кристалданып, жұлдыз, қалақша, таяқша тәрізді кристалдар не түйірлі агрегаттар құрайды. Валентинит негізінен түссіз, кейде ақ, алмастай жылтыр. Қатты 2,5 – 3, менш. салм. 5,7 г/см3. Валентинит сүрме-сынап кендерінің тотығу белдемдерінде (Қостанай облысындағы Успенское кен орны, т.б.) түзіледі.
<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>
Дереккөздер
<references/>