Валентина Иосифовна Якубовская

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Якубовская Валентина Иосифовна (17.9. 1913, Рига қ. – 17.2.1985, Қарағанды қ.) – биология ғылымының докторы (1947), профессор (1963). Пермь мемлекеттік университетін бітірген (1936) соң осы университетте ассистент (1936–37), Иваново медицина институтында ассистент (1937–50), Қарағанды мемлекеттік медицина институтында кафедра меңгерушісі (1950–85, қазіргі Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы) қызметтерін атқарған. Оның негізгі ғылыми еңбектері адам және жануарлар биохимиясына арналған. Якубовская организмде холестерин алмасуын, оның сол тектес басқа қосылыстарға айналуын зерттеді. «Құрмет Белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған. <ref>Қазақстан ұлттық энциклопедиясы</ref>

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub