Валентина Ивановна Байер
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
БАЙЕР Валентина Ивановна (1930 ж.т., Қостанай облысы Жетісу ауданы Жетісу а.) — еңбек ардагері. Соц. Еңбек Ері (1971). Еңбек жолын 1946 ж. құрылысшы болып бастаған. 1949 — 54 ж. Қарағандыдағы көмір шахталарында, 1954 жылдан Бурабай ауданының Зеленобор кеңшарында сауыншы болып еңбек етті. КСРО-ның бірнеше ордендерімен және медальдарымен марапатталған.