Вакуум туралы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

«Вакуум туралы» – Әбу Наср әл-Фарабидің іргелі трактаттарының бірі. Бұл еңбектің арабша нұсқасы түрікше және ағылшынша аудармаларымен бірге 1951 ж. Түркияның Анкара қ-нда басылып шықты. әл-Фараби бұл еңбегінде вакуумның жоқ екендігін ежелгі гректерде кездесетін тәсілмен (яғни тәжірибелік зерттеулер жүргізіп) және физ. ғылымның сол кездегі жетістіктеріне сүйене отырып, дәлелдеуге ұмтылды. Ол бұл трактатында вакуум жөнінде бірін-бірі жоққа шығармайтын екі пікір ұсынды: бірінші пікірінде – материяда мүлдем бос кеңістік (яғни абсолют бостық) жоқ, бірақ материяның жаратылысы бізге белгісіз десе, екінші пікірінде – салыстырмалы түрде бостықтың болуы мүмкін екенін аңғартып, бірақ ол шын мәніндегі абсолют бостық емес, ауасы сиретілген кеңістік дейді. Бұл екі көзқарастың екеуін де филос. мен физиканың дамуы дұрысқа шығарды.<ref name = "source1">«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub