Вакуум жүйе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вакуум жүйе (латынша: vacuum — бос)сорғы корпустарын және сорғыш құбыр желісінің қуыс-қуыстарын суға толтыруды қамтамасыз ететін жүйе. Бос кеңістіктерді суға толтыру, ондағы қысымды сирету арқылы атқарылады. Ондай жүйелер вакуум сорғылармен, эжекторлармен, көтеріңкі сорғыш құбырлармен, шанақ-аккумуляторлармен жабдықталады. Орталықтан тепкіш сорғыға су құятын тетіктің деңгейі суару көзінен жоғары болу қажет. Вакуум сорғы, эжектор, су сорғыш құбыр білігі жоғары көтеріліп пайдаланылады. Вакуум сорғымен және вакуум қазандықпен жабдықталған вакуум жүйелер ең көп тараған түрге жатады. Вакуум сорғының құю шанағы қызметін атқаратын вакуум қазандықтың төменгі бөлігіне суды құбыр желісі арқылы кол сорғымен береді, ал сорғыш келте құбырлары толтыру шанағына және вакуум-қазандық қақпағына жалғасқан негізгі сорғылар корпусына су вакуум-сорғылармен беріледі. Вакуум сорғылар жұмыс атқара бастағанда, қазандықтың вакуумды бөлігінде қысым төмендей бастайды, сөйтіп су көзінен ауаүрлегіш арқылы негізгі сорғылар корпусына су сорыла бастайды. Вакуум-сорғының жұмысы вакуум қазандықтағы су деңгейі жоғарғы шегіне (↓-I) жеткенше жалғаса береді. Қазандықта судың үш бақылау деңгейі орнатылады: ↓III— екінші вакуум-сорғы апатты жағдайда іске қосылады, ↓II — бірінші вакуум-сорғы апатты жағдайда іске қосылады, ↓I— вакуум-сорғылардың жұмысы тоқтатылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вакуум жүйе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}