Вакуум-сүзгіш

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Вакуум-сүзгіш - кеннен алынған флотациялық концентраттар қойылдырғыштардан өткізілгеннен кейін олардың ылғалдылығын төмендету үшін қолданылатын аппараттар жиынтығы. Суспензияларды, яғни ішінде қалқыма қатты бөлшектер бар сұйықтықтарды ажырату үшін пайдаланылады. Сүзуді тездету үшін Вакуум-сүзгіш арқылы сүзгіш матаның екінші жағынан ауа сорылып алынып, вакуум жасалады. Осылайша концентраттағы ылғал азайтылады. Бұл кенді өңдеудің кезекті процесін жеңілдетеді. Вакуум-сүзгіш сүзу бетінің пішініне қарай, барабанды және дискілі болып екі топқа бөлінеді. <ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Химия. Н.Нұрахметов, А.Ниязбаева, Р.Рысқалиева, Н.Далабаева. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. — 336 бет. ISBN 9965-36-416-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub