Вазопрессин

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вазопрессин (лат. vas, vasis - тамыр; pressa — қысу) - аралық ми гипоталамусының алдыңғы бөлімі көруүсті ядросының (супраоптикалық ядро) ірі мультиполярлы холинергиялық нейроциттері бөлетін, адам мен жануарлардың нонапептидтік нейрогормоны. Оның қызметі парасимпатикалық жүйке жүйесінің қызметіне сәйкес келеді, яғни ол организмдегі қан және лимфа тамырларының бірыңғай салалы ет ұлпасы қабықтарының жиырылуына, сөйтіп, олардың арналарының тарылуына әсер етеді.

Вазопрессин — қан тамырларының қабырғасын қысу арқылы қанның қысымын арттырады, бүйрек нефрондарының төменгі өзекшелері (дистальды бөлімі) мен жинағыш түтікшелері қабырғалары эпителиоциттерінің өткізгіштігін күшейтіп, алғашқы несеп (зәр) құрамындағы судың бүйрек тамырларына қарай кері сорылуына ықпалын тигізіп, зәрдің бөліну мөлшерін азайтады да, организмдегі судың алмасуын реттеуге қатысады.

Вазопрессин гормонының жетіспеушілігі — организмді қантсыз сусамыр (қантсыз диабет) ауруына (зәрдің қалыпты мөлшерден көп бөлінуіне әсер етеді) шалдықтырады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Вазопрессин|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}