Вадим Баян

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Вадим Баян (шын есімі Владимир Иванович Сидоров) (1880—1966) — орыс ақыны, жазушы, драматург.<ref>http://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%92%D0%B0%D0%B4%D0%B8%D0%BC_%D0%91%D0%B0%D1%8F%D0%BD</ref>

Өмірі

Таврическ губерниясы, Бердянск уезді, Нововасильевка ауылында агрономдар отбасында дүниеге келген. Мелитопольск уезіндегі училищені тәмамдаған.

Қызметі

1906 жылы Симферополге көшіп келіп, типографияда корректор болып жұмыс істейді. «Вселенная на плахе» (1919—1920), «По мостовой тысячелетий» (1922), «Маяковский в первой олимпиаде футуристов» атты еңбектерімен атағы шыққан. 1908 жылы Мелитопольде оның «Сжатая лента» Роман (өлең) кітабы жарық көреді (1905—1908).

1917 жылғы революция және азамат соғысы кезінде әдеби қоғамның негізін құрайды. Жас ақындарға, соның ішінде Борис Поплавскийге көмектеседі. 1919 жылы «Радио» атты кітабы жарық көреді. Өмірінің соңғы 15 жылында суретші-көркемдеуші болып қызмет атқарады.

1966 жылы Мәскеуде қайтыс болады, Ваганьков зиратында жерленген.


Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}