Бөтеке немесе етті қарын

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөтеке немесе етті қарын (ventriculus muscularis; лат. ventriculus — қарын және muscularis — етті) — екі бөлімді құстар қарнының етті бөлімі. Бөтеке — сүтқоректі жануарлар қарынының қақпалық (пилорустық) бөлігіне сәйкес келеді. Бөтеке қуысында азықты диірменше тартып, ұсақтайтын шыны сынықтары, майда тастар, құм болады. Аталмыш заттар құстарда болмайтын тістердің қызметін атқарады. Бөтекенің қабырғасы түтікше мүше ретінде үш қабықтан: ішкі — кілегейлі, ортаңғы - етті және сыртқы - сірлі қабықтардан тұрады. Кілегейлі қабықты бірқабатты текше (куб) тәрізді эпителий астарлайды. Кілегейлі қабықтагы түтікше бездер — бөтеке қуысына мүйіз тәрізді тез қатаятын сөл бөледі. Ол бөтекенің ішкі бетін қаптап, қорғаныс қызметін атқарады және егеу тәрізді азықты егеп, оны үсақтауға қатысады. Бөтеке сөлінің құрамында ас қорыту ферменттері болмайды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөтеке немесе етті қарын|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}