Бөтеке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Құстың ас қорытатын мүшесі. «...Тауық бөтекесінен інжу іздеген тәрізді ақтарды» (Нәжми). Республикамыздың кей жеріндегі тұрғындар «бөтеге» деп айтып, «бүйрек» мағынасы орнына да қолдана береді.

«Бөтеке» сөзінің алғашқы мағынасы ұқсату, салыстыру нәтижесінде пайда болғандығын якут тілі арқылы білеміз. Бұл тілде: мөчөкө — түйір, кесек мағыналарында қолданылады. Сырт қарағанда құстың бөтекесі немесе адамның, басқа сүт қоректілердің бүйрегі түйіршікті еске салады. «Мечекө» сөзі басқа түркі тілдерінде тұлғасын өзгерте отырып, белгілі бір дербес зат атауы дәрежесіне дейін жеткен деуге болады. «Мөчөкенің», «бөтеке» түріне дейін өзгеруін тіліміздегі дыбыс сәйкестігі заңдылығымен дәлелдеу қиын іс емес.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-қ2459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}