Бөрітарақ

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Бөрітарақ (Үлгі:Lang-la) – құлқайырлар тұқымдасына жататын бір жылдық бұта.


Негізінен тропиктік, субтропиктік және қоңыржай белдеулерде өсетін 300-ге жуық түрі белгілі. Қазақстанда Іле, Күнгей Алатауларында, Қаратауда, БалқашАлакөл ойысында, Қызылқұмда кездесетін 2 түрі бар: кендір Бөрітарақ (cаnnabіnus) және үшқатар Бөрітарақ (trіоnіum). Олардың биікт. 50 – 75 см, кейде 3 – 4 м-ге жетеді. Кіндік тамырлы, сабағы тік, көп қырлы. Жапырақтарының жиектері әр түрлі иректеліп, өркен бойына кезектесіп орналасады. Сары, ақ түсті ірі гүлдері жапырақ қолтығынан дамиды. Жәндіктермен тозаңданады. Маусым – қазанда гүлдеп, тамыз – қарашада жемістенеді. Жемісі 5 ұялы, көп тұқымды қауашақ. Жас жемістерін және бамияны көкөніс ретінде жеуге болады. Бөрітарақтың барлық мүшесінде кілегей зат шығаратын ерекше клеткалары бар. Бұл клеткалар өсімдіктің бойындағы ылғал мөлшерін реттеп отыратындықтан, өсімдік шөлді жерге төзімді келеді. Бөрітарақ – талшықты өсімдік. Одан бағалы кендір, арқан есетін, қап тоқитын жіп, су өтпейтін кенеп, ал тұқымынан май алынады. Кейде Бөрітарақ ты сәндік үшін де өсіреді.

БӨРІТАРАҚ (HIBISCUS) – мальвалар тұқымдасына жататын бөлме өсімдігі. 200-ден астам түрі бар. Оны «кенаф», «каркаде», «қытай раушан гүлі» деп те атайды. Бөрітарақ мәңгіжасыл, бұтақты өсімдік. Өз отанында оның бойының ұзындығы 5 метрге дейін жетеді. Үй жағдайына байланысты бөрітарақты қалаған биіктікте ұстаған дұрыс. Жапырақтарының жиектері аратісті, қою жасыл түсті. Ерте көктемнен күзге дейін гүлдеп тұрады. Гүлдері жай, гүлпарлы, жартылай гүлпарлы болып бөлінеді. Олардың диаметрі 12-16 см, күлгін, ақ, қызыл, сары түсті болып келеді. Египетте бөрітарақтың гүлдерінен «каркадэ» шайын дайындайды. Ол Малайзияның ұлттық гүлі болып саналады. Ал, Гаити аралында бөрітарақты «махаббат гүлі» деп есептейді. Елімізде бұл өсімдіктің оншақты түрін үй жағдайында әдемі гүліне бола өсіреді. Жақсы күтім жасалса жылдың мезгіліне қарамастан гүл жарып, ұзақ уақыт үйіңізді көркейтіп тұрады.

Жарығы:

Күн көзінде өскенді қалайды. Көлеңке жерде гүлдемейді әрі жапырақтары ұсақталып кетеді.

Жылуы:

Қыста ауа температурасы 12°С-ден төмен болмағаны дұрыс.

Суғарылуы:

Жазда жиі, қыста сирек суғару керек.

Ылғалдылығы:

Жапырақтарын тазарту және ылғалдандыру мақсатында су бүркіп тұрған пайдалы. Құрғақ ауадан жапырақтары сарғайып кетуі мүмкін. Жылу құбырынан алшақ қою керек.

Қоректендірілуі:

Айына екі рет минералды тыңайтқышпен қоректендіру қажет.

Аурулары:

Жапырақтарын таза ұстаса, ауруға көп шалдыға бермейді.

Көбейтілуі:

Қалемшесі арқылы ақпан, наурыз айларында көбейтуге болады. Қалемшесін бірден топыраққа отырғызып тамырландырған жөн.

Сілтемелер

Дереккөздер

"Гүлстан" республикалық ғылыми-танмыдық, көпшілік журнал, 2010 жыл ISSN 2078-6727

<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

Суреттер


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөрітарақ|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}