Бөріауыз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бөріауыз - темірді қысып тұратын аспап. Ұста, маңғал шебердің, басқа да ісмер адамның қажетіне пайдаланатын құралы. Негізі асыл темірден жасалады. Ұста дүкенінде темір, ағашты т.б. өңдеу кезінде қозғалмай тұруы үшін бөріауызға қысып, бекітіп қояды. Бөріауыздың қос ернеуі бұранда арқылы қозғалады. ҚР MOM қорындағы аспап ағаш дөңбек, тұғырға (биіктігі 30 см) тігінен орнатылған. Бұранданың механизмін іске қосу үшін қарапайым ұзын жұмыр тұтқасын қолданады. Бөріауыздың биіктігі — 55 см, табан жағы — 20 см.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Stub