Бөлшектену

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бөлшектену (лат. flssio — бөлшектену) — ұрықтанған біржасушалы организмнің (зиготаның) митоз арқылы бөлініп, көпжасушалы ұрыққа (бластулага) айналуының эмбриондық кезеңі. Бөлшектену кезінде пайда болған жасушаларды бластомерлер деп атайды. Бөлшектенудің белгілі кезеңіне дейін бластомерлер саны көбейгенмен, зиготаның мөлшері өзгермейді. Бластомерлер бөлінген сайын, олардың саны көбейіп, мөлшері кішірейе береді. Мұндай ұрықтыморула (лат. morum — тут ағашының жемісі, пішіні тут ағашы жемісіне ұқсас) дейді. Бөлшектену кезеңі — бластуланың (қуысы сүйыққа толған көпжасушалы ұрықтың) түзілуімен аяқталады. Пішініне байланысты бластула әртүрлі жануарларда түрліше аталады: ланцетникте — целобластула (қуысты бластула), қос мекенділерде — амфибластула (қосмекенді бластуласы), бауырымен жоргалаушылар мен құстарда және жұмыртқа салушы сүтқоректілерде — дискобластула (пішіні дөңгелек дискіге ұқсас бластула), басқа сүтқоректі жануарларда — бластоциста (стерробластула — көпіршікше бластула) деп аталады. <ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Бөлшектену — эмбриондьщ даму кезеңдерінін бірі. Оньщ нәтижесінде кеп жасушалы үрық пайда болады.<ref>Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2</ref>

Дереккөздер

<references/> <references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөлшектену|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}