Бөлтірік Аусадықұлы Жақыпов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бөлтірік Аусадықұлы Жақыпов - 1961 жылы 29 тамызда Алматы облысы Еңбекші қазақ ауданының Маловодное ауылында туған. Қазақ.
Хронологиясы
- Қазақ химия-технология институтының ауыл шаруашылығы құрылысы факультетін (1984) инженер-құрылысшы мамандығы бойынша;
- Қазақ ұлттық аграрлық университетінің экономика факультетін (2003) экономист мамандығы бойынша бітірген.
- «Огни Алатау», «Жетісу», «Казахстанская правда» және т.б. газеттерде жарияланған мақалалардың авторы.
- Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
- 1979 жылдың қаңтарынан - Қазақ химия-технология институтының слесарь-сантехнигі, зертханашысы.
- 1979 жылдың қазанынан - «Гигант» бақша-жидек кеңшарының шебері, жұмысшысы.
- 1981 жылдың наурызынан - Қазақ химия-технология институтының зертханашысы,
- 1981 жылдың тамызынан - студенті.
- 1984 жылдың қыркүйегінен - «Гигант» кеңшары құрылыс учаскесінің шебері.
- 1984 жылдың желтоқсанынан - Қазақстан ЛКЖО Еңбекшіқазақ аудандық комитеті ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
- 1985 жылдан - Қазақстан Компартиясы Еңбекшіқазақ аудандық комитетінің ұйымдастыру бөлімінің нұсқаушысы.
- 1986 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Еңбекшіқазақ аудандық комитетінің бірінші хатшысы.
- 1988 жылдың желтоқсанынан - «Есік» агроөнеркәсіп кешені жанындағы «Есікагроөнеркәсіпқұрылыс» жедел мемлекеттік бірлестігі өндірістік-техникалық бөлімінің инженері;
- «Есікагроөнеркәсіпқұрылыс» ЖМК-4 шебері.
- 1991 жылдың қаңтарынан - «Достық» үгіт пойызы жетекшісінің орынбасары,
- 1991 жылдың ақпанынан - Қазақстан ЛКЖО ОК әлеуметтік-экономикалық мәселелер бөлімінің жұмысшы және ауыл жастары секторының меңгерушісі.
- 1991 жылдың наурызынан - ҚР Мемлекеттік сәулет және құрылыс комитетінің бас маманы.
- 1991 жылдың шілдесінөн - ҚР Мемлекеттік сәулет және құрылыс комитеті Істерді атқару басқармасы бастығының орынбасары.
- 1992 жылдың желтоқсанынан - 21-ші шақырылған Есік қалалық Халық депутаттары кеңесінің төрағасы.
- 1993 жылдың қарашасынан - Есік округі бойынша аудандық әкімшілік басшысының өкілі.
- 1994 жылдың шілдесінен - Евгенемаловодное селолық округінің әкімі.
- 1996 жылдың маусымынан - «Ақжал» АҚ басқармасының төрағасы.
- 1999 жылдың желтоқсанынан - «Қырбалтай» өндірістік кешенінің төрағасы.
- 2003 жылдың шілдесінен - Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары м.а.,
- 2004 жылдың қыркүйегінен - әкімнің орынбасары.
- 2010 жылдың ақпанынан бері - Алматы облысы Мемлекеттік сәулет-құрылыстық бақылау басқармасының бастығы.
- Алматы облыстық мәслихатының депутаты (1999-2003).
Жетістіктері
- «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2002),
- «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005),
- «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006),
- «Астананың 10 жылдығы» медальдарымен;
- ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің (2009),
- Алматы облысы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған.
- Еңбекшіқазақ ауданының Құрметті азаматы (2002).
Әскери атағы - запастағы аға лейтенант. Хоббиі - кітаптар, өнер, спорт. Үйленген. Жұбайы - Жақыпова Роза Қадырқызы (1965 жылы туған), балалар бақшасының меңгерушісі. Қыздары - Жақыпова Лаура, Жақыпова Алуа, Аусадықова Ақбөпе; ұлы - Аусадықов Нұрсұлтан.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>