Бөлек Қараұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography

Бөлек Қараұлы (1700, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы1785, сонда) — батыр, қолбасы. Ұлы жүздің Шапырашты тайпасының Асыл руынан. Сатай батырдың немересі.


Сатайдың тұңғыш немересі болғандықтан Сатай баласы атанып кеткен. Бөлек 18 ғасырдың 1-жартысында жоңғарларға қарсы күресте Шапырашты Наурызбай батырдың мыңбасы болған. 1729 жылы шайқаста жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтірген. 1734 жылы орыс бодандығын қабылдау жөнінде Ресей патшасы Анна Иоановна атына Қодар би, Төле би, Сатай батырмен бірге хат жолдауға қатысты. Бөлек батыр бастаған қазақ жасақтары 1750 жылы жоңғарларды Тұрфаннан асыра қуған.

Сәкен Сейфуллин жинақтап, 1931 жылы сол кездегі бірегей "Қазақстан" баспасынан шыққан "Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары" жинағында Бұқар Жырау толғаулары да бар.

Бөлек батыр дулығасы

Бөлек Қараұлының дулығасы оның ұрпақтарымен сақталып, біздің заманымызға дейін жеткен. Елдің азаттығы үшін күрескен батырдың қазіргі ұрпақтары бұл затты ата-бабалар аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізген бүгінгі Қазақстан Республикасының Бірінші Президентінің мұражайына 2005 жылы тапсырған.

Тұлғаға тағзым

  • Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында Бөлек есімімен аталатын ауыл және ауылдық округ бар.
  • Туған жері Ақши (Еңбекшіқазақ ауданы) Ақши аулындағы орталық көше Бөлек батыр есімімен аталған.
  • Туған жері Ақши аулындағы аты жоқ Ақши орта мектебін Бөлек Қараұлы есімімен атауға батырдың тікелей ұрпағы Махмұт Андақбай бастаған ынталы топ 1993 жылдан бері күресіп келеді. Бұл мәселе 23 сәуір 2015 жылдың нәтижесі бойынша мектеп ұжымы мен ауыл халқының келісуімен Еңбекшіқазақ аудандық және Алматы облыстық ономастика комитеттерімен мақұлданып, республикалық ономастикалық комитетте қарастырылуда.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”,II-том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер