Бөкен (обалар тобы)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Kurgan.png
обаның ұзына бойғы тілігі

Бөкен – көне обалар тобы.


Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Өсбөкен ауылынан батысқа қарай 300 — 500 м жерде. 1956 жылы Шығыс Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі С.С. Черников) зерттеген. Құрамында 57 зират бар. Диаметр 6 — 30 м, биіктік 0,5 — 5 м. Қазылған 18 обаның көбі темір дәуіріне (б.з.б. 5 — 4 ғасырларға), 3 оба қола дәуірінің Андрон мәдениетіне жатады. Бір қабірдің батыс жақ басына тұтас қақпақ тас қаланған, қалған қабырғалары жалпақ тастармен шегенделіп, тас сандықша түрінде жасалған. Қабірден мәйіттің сүйегімен бірге өрнекті қыш ыдыстардың сынығы, т.б. табылды. Бұл оба б. з. б. 18 — 16 ғасырларға жатады.<ref>Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бөкен (обалар тобы)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}