Бөгетмұз
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бөгетмұз – суда жүзіп жүрген және су бетін көмкере бастаған мұз кесектерінің өзен аңғарының нақтылы өңірінде жинақталуы. <ref> Н. Сенатов, А. Абдулин. Геология терминдерінің сөздігі.– Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4 </ref>
Күзгі сеңдер қозғалысы кезінде кеңінен етек алатын бұл процесс өзен ағысының кейбір өңірлерде уақытша бөгелуіне, сөйтіп өзен деңгейінің күрт көтерілуіне әкеліп соқтыруы ықтимал.
Дереккөздер
<references/>