Бөгенбай батыр фильмі

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

"Бөгенбай батыр" –"Қазақтелефильм" студиясының түрлі түсті, 4 бөлімді, қазақ тіліндегі деректі фильмі (1992) <ref>"Қазақ телевизиясы", Энциклопедия. "ҚазАқпарат" Алматы, 2009,1-т ISBN 978-601-03-00-70-5</ref>.

Бөгенбай батырдың 300 жылдығын өз туған жерінде мерекелеу жөніндегі фильмде салтанатты жиындар, ұлттық ойындар көрсетіледі.

Кадрларда: Кеңес Одағының екі мәрте Батыры Т.Бигелдинов, Қазақ КСР ҰҒА-ның академигі М.Қозыбаев, Қазақстанның мемлекет қайраткері Ө.Жәнібеков, Ақмола қаласының әкімі Кәрібаев, Бөгенбай батырдың ұрпағы, зейнеткер Нурғалиевтер ірі пландармен көрерменге ұсынылады. Соңдай-ақ "Жазушы" кинофильмінен үзінді беріліп, Бөгенбай батырдың ұлы тұлғасы сомдалады.

Реж.– И.Ташманов, А.Сатаев, oператоры – Ю.Кулик.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Суретсіз мақала