Бәңгілер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Бәңгі көбелектер тұқымдасына (Үлгі:Lang-la)  1000-нан аса түрі бар ерекше ымырт көбелектері жатады.

Биологиялық сипаттама

Қонып отырған бәңгіні барынша ірі шылымтәріздес денесі мен қанатынан байқауға болады. Оның алдыңғы қанаты тар және ұзын, артқы қанаты қысқа және кең болып келеді.

Ал қанат қаққан бәңгіні колибримен шатастырып алып жатады. Басқа көбелектен гөрі Бәңгілер шымшыққа ұқсайтыны қызық. Бәңгілер өте жылдам самғайды, тіпті жылдамдықтары 54 км/сағатқа дейін жетеді. Бұл кезде қанаттарын жылдам қағатыны соншалық, алуан реңмен араласып, жеңіл дыбыс шығарады. Гулге ұшып жеткен бәңгі ауада қалықтап тұрып, ұзын тұмсығын оның түбіне дейін сүңгітеді. Ұзын түтікпен хош иісті темекі, шырайгүл, меңдуананың нәрін сорып алады. Әдетте бәңгілер тозаңдандыратын гүлдердің иісі тунде ерекше аңқып тұрады.

Сурет:Oleander hawkmoth up.jpg
Олеандр бәңгісі

Бәңгілер арасында талғамен боялған ірі түрлері аз емес. Олардың бірі Олеандр бәңгісі, қанатын жайғанда 10 см-ге дейін жетеді. Мадагаскарда гүлінің тереңдігі 20 см-ге жететін орхидея табылған кезде, Чарлз Дарвин оны ұзын тұмсықты бәңгі тозаңдандырған деген жорамал айтты. Мұндай көбелек 1903 жылы ашылды. Бұл көбелек Африкада, Жерорта теңізінде, Иранда, Ауғанстанда кең таралған, бірақ кейде жазды күні солтүстікке сапар шегіп, Ресейдің орта белдеуінде де ұшырасып қалады. Тұрақты мекені Каваказдың Қара теңіз жағалауы, мұнда жерорта теңізі олеандрларының көшеттері егілген (олардың жапырақтары жұлдыз құрттарының жеңсік асы болып саналады). Олеандр бәңгісінің ірі жұлдызқұрттарының дене ұштарында мүйіз түріндегі тығыз бездер өседі. Олар ірі ақтаңдақ- «көзшелері» бар денесін көтере ісініп дұшпандарын үркітеді.

Сурет:Acherontia lachesis 0202.JPG
«Өлі бас » бәңгісі

Ірі бәңгі «Өлі бас » осылай аталуының арқасында қу бас пен айқасқан сүйектерді еске салатын сурет орналасқан. Көптеген халықтар осы көбелекке қатысты ырым - тыйымдар шығарып, оны бақытсыздық нышанына балайды. Бұл ащы дауыс шығара алатын бірден бір көбелек. Ол тек қанатымен гуілдеп қана қоймайды, сонымен бірге шиқылдайды да. Жаңадан туған араның аналығы шығаратын дыбысқа ұқсас бұл шиқылға елігіп, бәңгі омартаға адасып кіріп кетеді. Гүл шіресінен бөлек, ол балға да құмар, жүздеген ара ұясынан балды құныға сорады. Бәңгінің көшпелі жәндік екендігі де қызықты: Еуропаның оңтүстігінде дүние есігін ашқан көбелектер Қола түбегіне дейін ұшып жетеді.

Smerinthinae тұқымдас тармағы

  • LaothoeFabricius, 1807
    • Laothoe amurensis (Staudinger, 1892)
    • Laothoe populi (Linnaeus, 1758)
  • Smerinthus Latreille, (1802)
    • Smerinthus ocellata Linnaeus, 1758
    • Smerinthus caecus
  • Marumba Moore, (1882)
    • Marumba quercus (Denis & Schiffermüller, 1775)
    • Marumba gaschkewitschii (Bremer & Grey, [1852])
  • Mimas Hübner, (1819)
    • Mimas tiliae (Linnaeus, 1758)
    • Mimas christophi (Staudinger, 1887)
  • Callambulyx Rothschild & Jordan, 1903
    • Callambulyx tatarinovii (Bremer et Grey, 1852)
    • Callambulyx poecilus
  • Dolbina Staudinger, 1887
    • Dolbina elegans
    • Dolbina tancrei Staudinger, 1887
  • Akbesia Rothschild & Jordan, 1903
    • Akbesia davidi
  • Clanis
    • Clanis undulosa
    • Clanis schwartzi

Sphinginae тұқымдас тармағы

  • Sphinx Linnaeus, 1758
    • Sphinx ligustri Linnaeus, 1758
    • Sphinx pinastri Linnaeus, 1758
  • Agrius Hübner, (1819)
    • Agrius convolvuli (Linnaeus, 1758)
  • Acherontia [Laspeyres], 1809
    • Acherontia atropos (Linnaeus, 1758)
    • Acherontia lachesis

Macroglossinae тұқымдас тармағы

  • HemarisDalman, 1816
    • Hemaris fuciformis (Linnaeus, 1758)
    • Hemaris tityusLinnaeus, 1758
    • Hemaris thysbe
    • Hemaris croatica
  • ProserpinusHübner, (1819)
    • Proserpinus proserpina (Pallas, 1772)
  • SphingonaepiopsisWallengren, 1858
    • Sphingonaepiopsis gorgoniades
  • Rethera Rothschild & Jordan, 1903
    • Rethera komarovi (Christoph, 1885)
  • DaphnisHübner, (1819)
    • Daphnis nerii (Linnaeus, 1758)
  • ClarinaTutt, 1903
    • Clarina kotschyi
  • AcosmeryxBoisduval, (1875)
    • Acosmeryx naga (Moore, 1857)
  • Macroglossum Scopoli, 1777
    • Macroglossum stellatarum Linnaeus, 1758
    • Macroglossum gyrans
  • Hyles Hübner (1819)
    • Hyles euphorbiae (Linnaeus, 1758)
    • Hyles galii Rottemburg, 1775
    • Hyles livornicaEsper, 1780
    • Hyles vespertilio (Esper, 1780)
    • Hyles hippophaes
    • Hyles nicaea
  • Deilephila Laspeyres, 1809
    • Deilephila elpenor (Linnaeus, 1758)
    • Deilephila porcellus (Linnaeus, 1758)
  • HippotionHübner, (1819)
    • Hippotion celerio (Linnaeus, 1758)
  • Theretra Hübner, (1819)
    • Theretra clotho
    • Theretra alecto
  • Euchloron Boisduval, 1875
    • Euchloron megaera (Linnaeus, 1758)

Галерeя

Сыртқы сілтемелер

Дерек көздер

  • Балалардың энциклопедиясы РОСМЭН,Жәндіктер,Мәскеу Росмэн 2012.