Бәтима Батырбекова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәтима Батырбекова - (5.12.1928, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы - 25.3.1987, Алматы) - ақын. Түркістан педагогика училищесін (1945), Шымкенттегі екі жылдық мұғалімдер институтын (1947), ҚазҰНУ-ды (1956) бітірген. 1941-44 жылдары, 1947 - 62 жылдары, Оңтүстік Қазақстан облысыннда орта мектеп мұғалімі, оқу ісінің меңгерушісі, директоры, аудандық партия кабинетінің бөлім меңгерушісі, аудандық оқу бөлімінің меңгерушісі, 1962 - 68 жылдары Алматыда орта мектепте мұғалім, мектеп-интернатта тәрбиеші, 1968- 83 жылдары Қазақ совет энциклопедиясы бас редакциясында ғылыми редактор қызметтерін атқарған. Тұңғыш жыр жинағы "Сал-салбілек" 1966 жылы жарық көрген. "Ашылды гүлдер" (1969), "Жарқыра күнім" (1973), "Қосалқа" (1976), "Әрқашан күн сөнбесін" (1977), "Іңкәрім менің" (1979), "Күміс алқа" (1980), "Мизам-шуақ" (1983), "Аққу арман" (1986), т.б. жыр жинақтарының авторы. Ақынның балаларга арналған жырлары "Подарок малышам" (1969) деген атпен орыс тіліне аударылып басылған.<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}