Бәрі сен үшін
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
«Бәрі сен үшін» – «Қазақтелефильм» студиясының 6 бөлімді, орыс тіліндегі, түрлі түсті фильм-концерті (1977). <ref> Қазақ телевизиясы. Энциклопедия. – Алматы: «ҚазАқпарат», 2009, 1-т. – 640 б. ISBN 978-601-03-0070-5</ref>
Ол КСРО Халық әртісі Ермек Серкебаевтың шығармашылығына арналған. Оның орындауында «Абай», «Ер Тарғын», «Иоланта», «Травиата», «Фигаро» операларынан ариялар және «Сырымбет», «Отан» әндері шырқалады.
Фильмде «Біздің сүйікті дәрігер» фильмінен кадрлар көрсетіледі. Сондай-ақ Е.Серкебаевтың консерваторияда, Мәскеудегі Үлкен театрда, оқушылары мен балаларының арасында болу сәттері беріледі.
Режиссері - С.Әбусейітов, операторы - Ян Вон Сик.
Дереккөздер
<references/>