Бәйдібек кесенесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бәйдібек кесенесі.jpg
Бәйдібек кесенесі

Бәйдібек кесенесі, Қасиетті бес ана - тарихи ескерткіштер кешенінің құрамдас бөлігі. Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданы Бәйдібек ата ауылдық аймағында орналасқан. “Бәйдібек-Сыланды” қайырымдылық қорының (президенті Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы Е. Тұрысов) ұйымдастыруымен 1996 - 98 жылдары Бәйдібек ата мен қасиетті бес ана – Марау (Сары бәйбіше), Зеріп, Жұпар, Қарашаш, Сыландының мазар - кесенелері орнына шығыс сәулет өнерінің үлгісінде орнатылды. Бас архитекторы - Ғ. Садырбаев. Бәйдібек кесенесі құрылысына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстанда өндірілетін таңдаулы құрылыс материалдары – Ташкент зауыттарының арнаулы сары кірпіші, Нұратаның ақшыл мәрмәрi, Тараз бен Қаратаудың қызыл граниттері, Қошқарата қатпарлы тау жыныстарының табиғи тақтатастары пайдаланылды. Бәйдібек кесенесін салуға Самарқанд, Ташкент, Сайрам, Шымкент шеберлері қатысты. Бәйдібек кесенесінің биік күмбезбен көмкерілген ғибадат бөлмесіне Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаев ұлы баба рухына арнап, салмағы 6 т. бесік мүсінді ақ мәрмәр құлпытас қойған.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәйдібек кесенесі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}