Бәйдеш Нұрбаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бәйдеш Нұрбаев (1935, Маңғыстау ауданы – 2006) – дәрігер. Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Батыс Қазақстан медицина академиясы) бітірген (1963). 1963 – 66 жылдары Шевченко қаласында, Ералиев ауданы ауруханасында, 1966 – 68 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медицина институтының клиникалық ординатурасында, 1968 – 69 жылдары Маңғышлақ станциясында хирург-дәрігер, 1969 – 2004 жылдары жоғары санатты хирург-дәрігер, хирургия бөлімінің, Жаңаөзен қаласындағы орталық аурухананың қан құю бөлімінің меңгерушісі болды. «Халықтар достығы» (1981) орденімен, Қазақ КСР-і Құрмет грамотасымен (1985) марапатталған. Социал жарыстың жеңімпазы (1979).<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>
Дереккөздер
<references/>