Бәйбіше

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәйбіше - түркі тектес халықтардың тұрмыс-салтында, отбасылық дәстүрінде қалыптасқан жұбай мәртебесі. Бәйбіше - ер азаматтың бірінші әйелі, отбасында отағасыдан кейін билік жүргізеді. Бай, бише деген екі сөздің бірігуінен шыққан (бай - күйеу, отбасының басы, үлкені; бише - оның жұбайы, жан күйер ақылшысы, үй ішінің әміршісі). Қазақтың дәстүрлі құқықтық ережесі бойынша, жігіттің алғаш құда түскен қалыңдығын босаға аттатпай тұрып, басқа қызға құда түсуге немесе үйленуге қатаң тыйым салынады. Бұл тәртіпті бұзған адам түйе бастатқан бір тоғыз айыбын төлейді және кейін түскеніне қарамастан, бірінші қалыңдығын бәйбіше деп жариялауға міндеттенеді. Сондай-ақ, егде тартқан, ел анасы болған ақылшы, беделді әйелдерді де құрметпен бәйбіше деп атаған.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәйбіше|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}