Бәдік жырлары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәдік жырлары<ref>“Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref> - тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Алғашқыда ауру адамды немесе малды емдеу мақсатында айтылған. Себебі, бақсы-балгерлік нанымға байланысты халық әр аурудың "иесі" бар деп түсінген. Бәдік жырлары "көш-көш" деп басталып, "көш-көш" деп аяқталады. "Асқар-асқар тауға көш, ағыны қатты суға көш, айнала соққан желге көш, иесіз қалған жүртқа көш" деп ауру адамның дертін өлеңмен арбап, қуып шығуға тырысқан. Ең соңында жұрт орындарынан тез тұрып, етек-жеңін қағып, "бізде көштік бәдік, сен де көш" деп, ауруды етектерімен ұшықтап тарасқан. Бәдік жырлары әдетте кешке қарай, іңір қараңғысында орындалған. Бірте-бірте бәдік жырларын қыздар мен жігіттер тобы болып бөліп айту салты шыққан. Кейін бәдік жырлары атқаратын міндеті түбірімен өзгеріске ұшырап, жастардың сол сылтаумен бас қосып, көңіл көтеретін сауығына айналған.

Әдебет:

  • Қазақ әдебиетінің тарихы. 1-том. 1-кітап. Алматы, 1960;
  • Сейфуллин С., Қазақ әдебиеті. 1-кітап. Қ-о., 1932;
  • Ғабдуллин М., Қазақ халкының ауыз әдебиеті. Алматы, 1958;
  • Жармұхамедов М., Айтыстың даму жолдары. Алматы, 1976.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}