Бәдіз

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бәдіз - тастан шауып, қашалып жасалған тас мүсін, өрнек, жазу. Орхон жазбаларында тас мүсіндерді бәдіз деп атаған. Тілшілер әдетте бұл сөзді “әшекей”, “өрнек”, “мүсін әшекейі”, “безендірілген ғимарат” деп түсіндіреді. Көне түркі тіліндегі бәдіз етістігі “көркемдеу”, “әшекейлеу” ғана емес, сонымен қатар “әшекейлі (яғни сәнді) ғимарат (құрылыс) орнату” деген де мағына берген. Ал “бәдізші” тек “суретші (оюшы)” ғана емес, сондай-ақ, “ұста”, “құрылысшы” дегенге де келеді. Көне жазбаларда “бедізін бедзетті” (“мүсінін мүсіндетті”), “бедізім үшін балбалдар алдым” деген тіркестер кездеседі. Негізінде түркі жазбаларының ауқымындағы бәдіз сөзі өлген ерлерді бейнелейтін тас мүсіндер және олардың жанына тізбектеле қойылатын кішірек тас бағаналарға (балбалдарға) қатысты айтылған.

Сыртқы сілтемелер

Қазақ энциклопедиясы

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бәдіз|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}