Бұқаржақ
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бұқаржақ — қазақы ортадағы географиялық, топонимикалық ұғым. Батыс өңірі қазақтары Орта Азиядағы ірі қала Бұхар қаласы бетін негізге алып Жайық өзенінің күншығыс бетіндегі өлкені бұқаржақ, Бұқар бет деп атайды. Бұған қарама-қарсы Жайықтың батыс беті Самарбет деп аталады.<ref> Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. - Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2 </ref>
Дереккөздер
<references/>