Бұқарбаев Әбдімәлік Әбдіқадырұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұқарбаев Әбдімәлік Әбдіқадырұлы (1940 ж. т.), кескіндемеші. Өзбекстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Соңғы жылдары қазақ хапқының рухани-саяси өмірінде із қалдырған тұлғалардың бейнелерін салды, соның ішінде Әуезовтің әр жылдардағы бейнелерін жасады. Оған ұлы жазушының әр жылдары түскен фотосуреттерін негіз етіп, 7 портретін салды. «Мені қазағыммен қайта табыстырған Мұхаң - Әуезов дер едім. Бастауында Әуезов сынды алыптар тұрған қазақ әдебиетімен сусындадым. Тынысым ашылғандай, өзімді-өзім қайта танығандай болдым. Жер ортасы жасқа келіп қалғанда, осындай күй кештірген Мұхаң рухына рахмет» дейді суреткер өзінің сұхбатында («Парасат», 1997, №8, 14-15-беттер).<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub