Бұқаралық коммуникация

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұқаралық коммуникация–ақпарды (хабарды), білімдерді, рухани байлықтарды, моральдық және құқықтық (праволық) нормаларды және тағыда сол сияқты техникалық құралдардың (баспасөздің, радионың, киноматографияның, теледидардың) көмегімен саны көп, бытыраңқы аудиторияға тарату үрдісі.<ref> "Қазақ телевизиясы", Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5 </ref>. Капиталистік қоғамда бұқаралық коммуникацияның негізгі міндеті адамдарды сол қоғамда орныққан әлеуметтік қатынастарға сай тәрбиелеу.

Бұқаралық коммуникация құралдары мұнда ең алдымен буржуазиялық ой-пікірдің стандартын мойындатуға, адамның сыншылдық қабілетін жоюға бағытталған насихат құралы, бір үлгіге келтірілген стандарты әрекеттер, мінез-құлық пен талғам жиынтықтарына көндіру құралы болып табылған.

Социализм тұсында мүлдем басқаша жағдайлар туады, өйткені мұнда қоғам алдына жеке адам мен коллектив мүдделерін үйлесімді ұштастыру мақсаты қойылады (Ұжым және жеке адам). Мұндағы бұқаралық коммуникация құралдарының негізгі міндеті жеке адамның жан-жақты және үйлесімді дамуына көмектесу, оның белсенді өмір позициясын қалыптастыру, дүниеге ғылыми көзқарасты тарату. Бұл аталған айырмашылықтардан келіп бұқаралық коммуникация құралдарына ғылыми талдау жасау жолдары мен әдістеріндегі айырмашылықтар шығады.

Батыс социологтері мен әлеуметтанушы психологтерінің көпшілігінің іс-қимыл мақсаты ең ал- дымен бұқаралық коммуникация құралдарының аудиторияға тигізетін әсерін зерттеу, насихаттың ықпалымен адамдар сенімінің өзгеру дәрежесін анықтау.

Социалистік қоғам жағдайларында зерттеудің негізгі міндеті аудиторияның құрамын, талап-тілектерімен мұқтаждықтар жиынтығын олардың жүзеге асуын бұқаралық коммуникация құралдарымен қанағаттандыру дәрежесін анықтау болып табылады.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}