Бұтадән
Бұтадән (Hololachne) – жыңғылдар тұқымдасына жататын аласа бұта. Қазақстанда кездесетін 1 түрі – жоңғар Бұтадәні (H. soongorіca) бар. Зайсан ойпатында, Бетпақдалада, Балқаш – Алакөл ойысында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларындағы тасты, құрғақ беткейлерде, сор және сортаң шөлдерде өседі. Биіктігі 10 – 30 см. Бұтақталған сабағының жуанд. 1 – 2 см, оның сыртын ақшыл сары қабық жауып тұрады. Қабыршақты жапырақтары цилиндр тәрізді келеді. Ұсақ гүлдері жапырақ қолтығына орналасқан. Гүл желектері ақшыл түсті. Шілде – тамыз айларында гүлдеп, тамыз – қыркүйекте жемістенеді. Жемісі – ұзынша қорапша, оның сыртын қоңыр түсті ұзын түк басып тұрады.
<ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>
Қосымша
Бұтадән - жыңғыл тұқымдасына жататын аласа бұта. Қазақстанда кездесетін 1 түрі — жоңғар ұтадәні. Балқаш-Алакел ойысында, Жетісу (Жоңғар), Іле, Күнгей, Теріскей Алатауларындағы тасты, құрғақ беткейлерде, сор және сортаң шөлдерде еседі. Биіктігі 10-30 см. Бұтақталған сабағының жуандығы 1-2 см, оның сыртын ақшылсары қабық жауып тұрады. Қабыршықты жапырақтары цилиндр тәрізді келеді. Ұсақғүлдері жапырақ қолтығына орналасқан. Гүл желектері ашық түсті. Шілде-тамыз айдарында гүлдейді, тамыз-қыркүйекте жеміс береді. Жемісі — ұзынша қорапша, оның сыртын қоңыр түсті ұзын түк басып тұрады.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>
Дереккөздер
<references/>