Бұрғылау бытырасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұрғылау бытырасы — бұрғылау барысында берік тау жыныстарын бұзуға қолданылатын құйма болаттан (құрыштан) немесе шойыннан жасалған шар, куб, цилиндр тәрізді ұсақ бытыралар. Олардың диаметрі 1,5—5,5 мм, беріктігі роквелл бойынша 58—66-дан кем болмауы керек. Тау жыныстарының бұрғылану тездігі бұрғылау жылдамдығымен сипатталады (мм/мин), кейде стандарт бойынша бір метр шпурдың бұрғылау уақытымен де анықталады. <ref> Орысша-қазақша түсіндірме сөздік. (Тау-кен ісі, кен байыту және металлургия салалары бойынша) Жалпы редакциясын басқарған Ә. Бектібаев. Алматы: Ғылым, 1999.ISBN5—628—00001—9 </ref>.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}