Бұрғазы Әлібаев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бұрғазы Әлібаев (1891, Созақ ауданы, Сызған ауылы – 1975, сонда) – Социолисттік Еңбек Ері (23.7. 1948). 1920 – 1940 жылдары Коммуна, Қайнар ауыл шаруашылық артелінің мүшесі болды. 1940 – 1948 жылдары және 1950 – 1957 жылдары жылқы фермасын басқарды. 1948 – 1950 жылдары басқарма төрағасы қызметін атқарды. 1957 – 1959 жылдары Созақ ауданы. Сызған кеңшарында жұмыс істеді. Ленин орденімен, медальдармен марапатталған.<ref>Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы</ref>
Сілтеме
<references />