Бұрыштық (шоқжұлдыз)
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Бұрыштық (лат. Norma) — аспанның оңтүстік жарты шарындағы шағын шоқжұлдыз. Ең жарық жұлдызының жұлдыздық шамасы 4,0-тен аспайды. Ол Сарышаян, Садақа орны (Садахана), Оңтүстік Үшбұрыш және Бөрі шоқжұлдыздарының арасында орналасқан (қ. Жұлдыздық аспан картасы). Республиканың оңтүстік аудандарында мамыр — маусым айларында көрінеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref><ref>Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Механика / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Aрын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. ISBN 9965-08-234-0</ref>
Дереккөздер
<references/>