Бұршақ қоңызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Бұршақ қоңызы (Үлгі:Lang-la) – қатты қанаттылар отрядының дән қоңыздары тұқымдасына жататын жәндік. Негізінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына таралған. Даму циклі бір жыл. Денесін қоңыр түсті түктер басқан қара қоңыз, ұзындығы 4 – 5 мм, қанаттарының үстінде ақшыл дақтар мен жолақтар, құрсағының ұшында крест тәріздес ақ таңба бар. Бұршақ қоңызы қамбадағы және өнімді жинаған кезде егістікте шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Егістікте қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Олар жұмыртқаларын бұршаққаптың жақтауларына салады. Эмбриондық дамуы 6 – 10 күнге созылады. Дернәсілдері бұршаққапты кеміріп теседі де, дәннің ішіне енеді. Қоректену кезеңінде дернәсіл дәннің ішін үңгіп, қуыс жасайды. Дернәсіл мен қуыршақтың жетілуі түгелімен бір дәннің ішінде өтеді де, 1,5 – 2 айға созылады. Қуыршақтанар кезінде дернәсіл дәннің керегесін ішкі жағынан кеміріп, беті жұқа қабыршақпен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Одан жас қоңыз шығады. Дернәсілдер зақымдаған бұршақ дәндерінің сапасы кемиді, дәмі нашарлайды, өнімділігі 75%-ға дейін төмендейді. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген жерге оларды кемінде 2 – 3 жылдан кейін ғана қайталап егу; өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту. Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті децис, т.б. инсектицидтермен өңдейді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл, ISBN 5-89800-123-9, II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұршақ қоңызы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}