Бұртас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұртас - Еділдің екі жағалауын (шамамен қазіргі Сызраньнан Волгоградқа дейін) 5 —11 ғасырларда қоныстанған тайпалық құрылым. Бұртастар туралы мәліметтер 10 ғасырда осы өңірге келген араб саяхатшыларының еңбектерінде, ал 13 ғасырдан бастап орыс тіліндегі жазбаларда кездеседі. Олар егін, мал шаруашылығымен, аң терілерін сатумен айналысқан. Бұртастың этникалық құрылымы әлі күнге дейін анықталмаған. 7 ғасырда Бұртас тайпасы Еділ бұлғарлары мен бесенелердің (печенегтердің) шапқыншылығына қарсы он мыңға жуық салт атты әскер шығарған. 7 ғасырдың аяғында Хазар қағанатының билігінде, ал 10 ғасырдың аяғында Киев Русіне тәуелді болған. 14 ғасырда қыпшақтар келгеннен кейін, өздерінің этникалық бейнесін жоғалтқан. Мешерлер мен мордвалар мәдениетінің қалыптасуына Бұртас мәдениеті ықпал етті деген жорамал бар. <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы II том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұртас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}