Бұлғар (ақша)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұлғар - 15 ғасырда Қазанның ақша шығаратын сарайында соғылған тиын-ақша. Бұлғар 1962 жылы Измери ауданында (Татарстан Республикасы) жүргізілген археология қазба жұмыстары кезінде бір қоймадан табылған. Қоймадағы кыш құмырадан барлығы 2358 күміс теңге шықты. Теңгелердің оң бетінде араб әрпімен “Бұлғар” деген сөз жазылған. Салмағы 0,62 — 0,77 г аралығында. Мамандар бұл теңгелердің бәрі де 15 ғасырдың алғашқы жартысында билік жүргізген хандардың (Шәдібек ханнан Ұлығ Мұхаммед ханға дейін) тұсында соғылғанын анықтап отыр. Теңге атауының 16 — 17 ғасырлардағы жазбаларда кездеспегеніне қарап, Бұлғар 15 ғасырдың орта шеніне дейін ғана айналымда болған деп шамалауға болады.

Дереккөздер

“Қазақ энцклопедиясы”

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұлғар (ақша)|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}