Бұлшық ет ісігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұлшық ет ісігі (muscle tumour) — бұлшық еттегі тканнің ауытқушылықпен өсуі немесе бұлшық ет тканінде ісіктің дамуы. <ref> Britanica настольная энциоклопедия.Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT), ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)</ref>.

Негізгі үш түрі бар: лейомиомалар — тегіс бұлшық еттегі ісіктер, әсіресе, жатырда, сондай-ақ асқорыту, несеп және әйелдердің жыныстық жүйесінде жиі пайда болады. Ісіктің жартысы қатерлі болуы мүмкін, бірақ, әдетте, ол жайылмайды немесе сауығып кетеді. Рабдомиомалар көбіне жүрек бұлшық етінде пайда болады.

Кейбір түрлері жайылуы мүмкін, олар тканнің шегінде қалуы мүмкін немесе диффузды түрде жайылуы мүмкін және оны жою қиын. Тегіс бұлшық ет пен тарамдалған бұлшық еттерді зақымдайтын рабдомиомалар көбіне қатерлі болады және қатты ұлғаюы мүмкін.

Рабдомиосаркомдар өте сирек кездеседі, олардың кейбір түрлері қаңқа бұлшық еттерінде, әдетте, аяғында немесе қолында пайда болады әрі аса қатерлі.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}