Бұлшық ет дистрофиясы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұлшық ет дистрофиясы (muscular dystrophy) — бұлшық еттерінің әлсізденуін күшейте түсетін тұқым қуалайтын ауру.<ref>Britanica настольная энциоклопедия.Том І «АСТ-Астрель» Москва, 2006. ISBN 978-5-17-08532-4 (T.1) (ACT), ISBN 978-5-271-1512-0 (T.1) (Aстрель)</ref>.

Бұлшық ет ткані тұқымды азғырады, тәртіпсіз қалпына келтіреді және орнын берішті ұлпа мен май басады. Нақты емі жоқ. Физиотерапия, бандаж және түзету хирургиясы жеңілдік береді. Қарапайым Дюшенн дистрофиясымен еркектер ғана ауырады. Белгілері, оның ішінде жиі құлап қалу және тұратын кезде қиналу ұлдарда 3-7 жасында басталады; бұлшық еттердің әлсізденуі аяқтан қолға көшеді, содан кейін бауыр етіне қарай көшеді. Әдетте, өкпе инфекциясынан немесе тыныстың жетіспеуі себебінен 20 жасқа дейін қаза табуы мүмкін. Кемістігі бар ген жұқтырушы әйелде және еркек жынысының тұқымында анықталуы мүмкін.

Бекер дистрофиясы да жыныспен байланысты, ол анағұрлым ауыр болады әрі кейінірек басталады. Пациенттердің жүруге қабілеті болады және әдетте, 30-40 жасқа дейін өмір сүреді. Миотонды бұлшық ет дистрофиясы екі жыныстың ересек адамдарын зақымдайды, миотония мен тұқым азғыруы катаракта, қасқабастану және жыныс бездерінің атрофиясымен бірге екі-үш жыл кейін пайда болуы мүмкін. Белдегі бұлшық еттің дистрофиясы екі жыныстың да жамбас немесе иығына әсер етеді.

Иық-жауырын-бет миопатиясы балалық шағында немесе жасөспірім шағында басталады, екі жыныста да пайда болуы мүмкін; қолды көтерудің алғашқы қиындығынан кейін аяқ және жамбас бұлшық еттері зақымдануы мүмкін; беттегі негізгі әсері – көзді жабудың қиындығында. Өмір сүру ұзақтығы қалыпты.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}