Бұлшықет талшығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұлшықет талшығы (myofibra; грек, mys — бұлшық ет және fibra — талшық) - бұлшықеттің паренхимасын құрайтын көпядролы бейжасушалық құрылым — симпласт. Бұлшықет талшығы — сыртынан қабықшамен (сарколеммамен) қапталған. Оның саркоплазмасының (цитоплазма) шеткі жағында, сарколеммаға жақын орналасқан ұзынша келген көптеген ядролар болады. Бұлшықет талшығы саркоплазмасында адам мен барлық жануарлар жасушаларына тән органеллалармен қатар, жиырылу қызметін атқаратын арнайы органеллалар — миофибриллалар (протеин миожіпшелері) болады. Олар бұлшықет талшығы цитоплазмасының орта түсында орналасады. Миофибриллалар кезегімен орналасқан актин (жіңішке протеин жігішесі) және миозин (жуан протеин жіпшесі) миофиламенттерінен құралған. Актин миофиламенттері кезегімен орналасқан ақшыл түсті (изотропты), миозин күңгірт түсті (анизотропты) дискілер түзетіндіктен, бұлшықет талшығында көлденең жолақтар байқалады. Бұлшықет талшығының ұзын дығы қаңқа бұлшық еттерінің ұзын дығына сәйкес: бірнеше мм-ден ондаган см-ге дейін, ал оның диаметрі 10 мкм-ден 80 мкм-ге дейін жетуі мүмкін. Бұлшықет талшықтары эмбриондық даму кезінде ортаңғы ұрықтық жапырақша — мезодерманың миотомы миобласттарынан дамиды.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Тағыда қараныз

Бұлшықет ұлпасы Бұлшықет

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұлшықет талшығы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}