Бұланмүйіз

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Үлгі:Taxobox Бұланмүйіз (Үлгі:Lang-la) – бөріқарақаттар тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдіктер. Қазақстанда Қызылқұмның, Түркістанның, Қаратаудың сазды қырқаларында, сортаң жерлерде, жол, арық бойлары мен тау бөктерлеріндегі егістік жерлерде өсетін 1 түрі – сары Бұланмүйіз (chrysogonum) кездеседі. Оның биіктігі 30 – 50 см. Тамыртүйіндері бұдыр (жуандығы 3,5 см). Ұзын жапырақтары (8 – 15 см) тамыр түбінен басталып, жерге жайылып өседі. Сабағы жапырақсыз. Гүлдері сары, шашақ гүлшоғырына топталған. Наурызсәуір айларында гүлдейді, жемісі – дәнек. Қорапшасы жұқа, қабықты. Бұланмүйіздің тамыртүйіні крахмалға бай, ол тағам ретінде пайдаланылады.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, II том

Үлгі:WikifyҮлгі:Stub