Бұланай Көлбайұлы
Бұланай Көлбайұлы (1747, Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сайқан тауы — 1845, сонда) — палуан. Орта жүздің ел басылары Қызылжарда өтетін Көкиірім съезі кезінде өнер көрсету үшін палуандар жинайды. Жәнібек батыр Бердәулетұлы 20 балуанның арасынан Бұланайды таңдап алады. Зайсаннан 250 км жердегі Көкпектіге жақындағанда, Бұланай мінген ат болдырып, палуанды түйеге мінгізіп жеткізеді. Сол жиында 18 жасар Бұланай түйе палуан атанып, бас бәйгеге түйе, 15 арғымақ, 50 уақ мал алып қайтады. Абылай хан елшілігінің құрамында Пекинге барған Бұланай император сарайының алдындағы тастан қашалған қос арыстанның бірін жылжытып, өзінің жойқын күш иесі екенін қытайларға да танытады. 1997 ж. Зайсанда Бұланайға арнап ас берілді.
Дереккөздер
“Қазақ Энциклопедиясы”, ||-том