Бұзау Жарасұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Бұзау Жарасұлыға қойылған тақтатас.jpg
Бұзау Жарасұлына қойылған тақтатас

Бұзау Жарасұлы, Бұзау батыр, Жанкісі Жарасұлы (1700 жыл, қазіргі Хромтау ауданы аумағы - 1780 жыл, Түркістан қаласы)- қазақ батыры.

Өмірбаяны

1730 жылы Әбілқайыр хан батыс аймақты орысқа бодандыққа беріп, бекініс салуға келісім бергеннен кейін, шұрайлы жерлерінен айырылған қазақтар малына өріс, өзіне қоныс іздей бастайды. Алдымен Ақтөбе өңіріне аяқ тіреп, ағайын ақылдаса келе Қызылқұм асып, Сыр бойын жайлауға ниет қылады. Шөбі шүйгінді, тұрмысқа қолайлы түбекті таңдайды. Дарияның малға жайлы жағасы Бұзауға құт боп бітеді. Төрт түлігі еселеніп, дәулеті артады. Содан болар, бұл жер бүгінге дейін Бұзау түбегі аталып келеді. Сырдария өзенінің Оңтүстік пен Қызылорда облысының шекаралас, Түркістан қаласына қарасты Майдамтал ауылының аумағында орналасқан.

Қартайғанда жиған малын інісі Қосбармаққа аманаттап, өзі дін жолын ұстанады. Елге исламды насихаттап, рухани бірлікке үндейді. Құймақұлақ қарттардың айтуынша, бүгінге дейін Бұзау батырдың өнегелі жолы, ел ішіндегі құрметі, батырлығы, дуалы ауыздығы ауызекі тілде жеткізілгенімен, тарихи зерттеулерге арқау болғаны некен-саяқ. Әлі де болса Орынбор мұрағатында батыр жайында сақталған деректер баршылық.

Оның есімі сол кездегі Барақ, Рәмет батырлармен қатар аталған. Әбілқайырға қарсы шығып, орысқа байланған бодандықтан қашқан Бұзаудың тарихын зерттеу кешегі кеңес заманында тарихшылар үшін отқа түсумен бірдей еді. Есесіне ата-бабадан жалғасқан шежірелік әңгімелерде оның қалмақ-жоңғарлармен болған ұрыстардағы батырлық болмысы кең ашылады. Абылай – хан сайланғаннан кейін жер-жерлердегі көшпенді халықтың бетке ұстар батырларын елдің тұтастығын сақтау жолындағы келелі мәслихатқа жинағанда оған Сырдың бойындағы Бұзау да шақыртылады. Мәжілісте дүркін-дүркін атойлап тұратын қалмақ-жоңғардың соққысына Бұзау батырға да қалың қолымен тойтарыс беруді тапсырады. Осындай қиян-кескі шайқастарда батырлығымен ерекше көзге түскен Бұзауға Абылай інілік ілтипатын білдіріп, сенімді серігіне айналады.

Ер Мұқам пірге бас иіп, Йассауи кесенесіне шырақшы болады. Қалған өмірін тақуалыққа арнап, 1780 жылы дүние салады. Абылай хан ескі үзеңгілес досының жаназасына қатысып, мүрдесін кесенедегі батырлар жатқан орынға жайғастырады. Келесі жылы хан бабамыздың өзі де өмірден озып, бейіті Бұзаумен қатар қойылады. Мүрденің аяқ жағына Бұзау батырдың есімі айшықталған тасты бертінге дейін тұрғанымен, қазыргі уақытта жоғалып кеткен.<ref>Бұзау батыр. Айқын газеті</ref>

Батыр туралы жазбалар

Бұзау батыр жөніндегі аңыз

Ұрпақтары

Бұзау атымен Дәулеткелді руының бір тармағы аталады. Бұзаудан:

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер