Бұжырдән

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бұжырдән (Taphrospermum) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдік. Алтай Бұжырдәні және жалпақкүлтелі Бұжырдән деген 2 түрі Зайсан ойпатында, Алтай, Жетісу (Жоңғар), Іле Алатауларында кездеседі. Көбірек тарағаны – Алтай Бұжырдәні (altaіcum), биіктігі 1 – 20 см-дей, сабағы тік не көлбей өседі. Жапырағы жұмыртқа пішінді, бүтін жиекті, өркен бойына кезектесіп орналасады. Гүлдері ақшыл сары түсті, жапырақ қолтықтарында жетіледі, тостағанша жапырақтарының ұшы доғалдау келген, жиегі жұқа болады. Шілде айында гүлдеп, тамызда жемістенеді. Жемісі – бұршаққын. Бұршаққыны үшкір, төрт қырлы, ұзындығы 5 – 9 мм, сырты тегіс. Тұқымы – дәнек, сырты бұдырлы. Ал жалпақкүлтелі Бұжырдән (platypetalum) – тек Жетісу (Жоңғар) Алатауында ғана өсетін эндемик. Бұжырдән әсем гүлдейтін өсімдік, сондықтан сәндік үшін өсіріледі.<ref>Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Бұжырдән|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}