Бұдабай Қабылұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бұдабай Қабылұлы<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref> (1842, Шиелі ауданы Жөлек ауылы – 1912, сонда) – айтыс ақыны. Бұдабай өткір сөзді ақын, терме, толғау, мақтау, сынау, сөзге шебер дарынды дүрдің бірі. Оның алғаш ақын ретінде танылуы Қарлығаш деген қызбен айтысынан басталады. Жастайынан өлең-жырға әуес Бұдабай шығармаларының біразын жазып қалдырған. Өлеңдерінің басым көпшілігі ел бірлігі мен татулықты жырлауға, араздасқандарды бітімге шақыруға арналған. Кейбір нысапсыз, парақор ел басшыларын сынай отырып, бұрынғы өткен әділ би, кемеңгер шешендердің үлгілі істерін көлденең тартады, сөйтіп, оларды дұрыс жолға салмақ болады («Әлмәмбетке», «Әжібай мен Торғайға», «Аппазға», тағы да басқа). Оның есімі жоқтау жырлаумен де белгілі болған. «Әйекені жоқтау» деп аталатын жыры ел арасына кең таралған көркемдігі мен құрылысы жағынан ерекше туынды. Бұдабайның «Әшірдің баласы Сыздықты жоқтау», «Әлмәмбеттің жалғыз баласы өлгенде» атты туындылары да жұртқа мәлі метр Ақынның «Өзім жайлы», «Көңіл туралы», «Өмір туралы», тағы да басқа өлеңдері белгілі.

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub