Бүрліқабық

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Бүрліқабық (грек, chorion - бүрліқабық) — құрсақта дамитын сүтқоректілер үрығы мен енесінің организмдері арасындағы зат алмасуды қамтамасыз ететін ұрықжолдасын (плацента) жасауға қатысып, қорғаныс қызметін атқаратын сыртқы ұрық қабығы. Бүрліқабық ұрықтың қағанақ қатпарларының бір-бірімен қосылуы нәтижесінде пайда болып, сыртқы ұрықтантыс эктодерма мен ішкі мезодерманың париетальды жапырағынан дамиды. Оның қуысында бүрліқабық (хорион) сүйығы болады. Хорионның ішкі бетіндегі мезодерманың париетальды жапырағы мен аллантоистың сыртқы қабаты — мезодерманың висцеральды жапырағы бірігіп, қан тамырлары жақсы жетілген алланто-хорион қабатын түзеді. Алланто-хорионның бүрлері жатырдың кілегейлі қабығындағы кірмелерге (крипталарға) еніп байланысып, әртүрлі жануарларда құрылысы түрліше ұрықжолдасты (плацентаны) жасауға қатысады.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub