Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов (4.11.1924, Қарағанды облысы Нүра ауданы Көкмөлдір ауылы - 22.1.1991, Алматы) — ақын, филология ғылым кандидаты (1970). 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. ҚазҰУ-ды бітірген (1948).

  • 1946 - 1949 жылдары "Пионер" (қазіргі "Ақжелкен") журналы,
  • 1949 - 1960 "Лениншіл жас" (қазіргі "Жас алаш") газеті,
  • 1960 - 1969 жылдары "Білім және еңбек" (қазіргі "Зерде") журналында қызметкер,
  • 1969 - 1991 жылдары Әдебиет және өнер институтында ғылыми қызметтер атқарған.

Өлеңдері баспасөзде 1938 жылдан жариялана бастаған. Тұңғыш кітабы "Сенің Отаның" 1958 жылы жарық көрген. "Қарлығаштың құйрығы неге айыр?" ертегісі негізінде мультфильм жасалған. Ысқақов көптеген мәтіндерінің авторы. А.С. Пушкин, М.Ю.Лермонтов, И.Я. Франко, В.Маяковский, Н.Хикмет, С.Вургу т.б. ақындардың шығармалары қазақ тіліне аударуға қатысқан. Өлеңдері орыс, өзбек, түрікмен татар, т.б. тілдерге аударылған. Әр дәрежелі Отан соғысы орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Өмірбаяны

1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. Сондай өлеңдерінің бірі ақынның туған жерге арнаған "Көкмөлдір" деген жыры.

Ысқақовтың шығармашылық өмірге кең құлаш ұруы 1940 жылы Қарағанды мұғалімдер институтына түсуінен басталады. Сол жылдары жазған өлеңдері "Советтік Қарағанды", "Қарағанды комсомолы" газеттерінде үзбей жарияланып тұрады да, оқуын бітірген соң 1942 жылы "Советтік Қарағанды" газетіне қызметке келеді. Сол жылы әскерге алынып, соғысқа аттанады.

1946 жылы еліне жеңіспен оралған жауынгер ақын еңбек жолын бұрынғы өзі істеген газетте жалғастырады да, көп ұзамай, Алматыға барып, "Пионер", "Білім және еңбек" журналында, "Лениншіл жас" газетінде тілші, бөлім меңгерушісі, жауапты хатшы қызметтерін атқарады.

1948 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітіріп, Ғылым Академиясының аспиратурасына түседі.

Бүркіт Ысқақов саяси көзқарасы үшін қудалауға ұшырады. Айыптау үкіметінде Ысқақовтың ертеректе "Жас қалам" үйірмесі мен "ЕСЕП-ке" (елін сүйген ерлер партиясы) қатысына қосымша, "Үндістан" деген өлеңді С.Сейфуллиннің "Азия", І.Жансүгіровтың "Гималай" өлеңдеріне еліктеп жазғансың деп кінәлаған. Содан 1951 жылы жаппай қуғын-сүргін тұсында "Үкіметке қарсы үгіт жүргізіп жүр" деген жаламен жазықсыз жазаланып, 25 жылға бас еркінен айырылады. Сөйтіп 27 жасар жігіт 30 жылдық жазаны арқалап кете барады.

Лагерьде, тозақ отының төрінде жер қазып, шаң жұтып, шаршап–шалдығып, титықтап жүрсе де өлеңді қоймайды, өлең-жыр өңешінен түйдік-түйдік құйылды. Ол қазақ поэзиясында "Тұтқын жыры", "Лагерьдегі өлеңдер" деп аталатын поэзияның жаңа түрін бастады. Ұлы соғыстың оты мен суығынан аман оралған ақын қапаста көрген қайғы-қасіретін бүркемей, бүкіл үнімен шырқап жүрді. "Тас өзеннің ызғары" өлеңдер циклі оқырманның ойынан шыққан дүние. Ақылды ағамыз, академик М.Қаратаевтың "Ақындарымыздың абақтыда отырып жазған өлеңдері бізге жеткен жоқ, сол олқылықтың орнын олардың ақын ұрпағы – Ысқақовты жырлары торлтырғандай. Оның бұл өлеңдерінен Сәкеннің сыры, Бейімбеттің мұңы, Ілиястың үні естілгендей болады" деуі тегін емес. Қапаста бес жыл қасірет шеккен Ысқақов КСРО Жоғарғы сотының 1956 жылы 20 қарашадағы қаулысы бойынша толық ақталып, еркін өмірге оралды да, сүйікті кәсібін жалғастырды. Журналистика, әдебиет, ғылым саласында жемісті қызмет атқарды. Қазақ КСРО Ғылым Академиясының М.О.Ауезов атындағы әдебиет және өнер институтында аға ғылыми қызметкер болып, 1991 жылы дүниеден өткенге шейін ұзақ жылдар еңбек етті. Ақынның шығармалары 1938 жылдан бастады. 1951 жылында репрессияға ұшырап, 1956 жылында ақталған.

Шығармалары

  • Сенің Отаның. Өлеңдер. A., 1959;
  • Кішкене театр. Мектеп сахнасына арналған пьеса. А., 1959;
  • Москвані тыңдаймын. Өлеңдер. А., 1962;
  • Өнерпаз болсаң... Өлеңдер. А., 1965;
  • Кішкен көмекші. Суретті кітапша. А., 1966;
  • Қарлығаштың құйрығы неге айыр. А., 1966;
  • Өлеңдер, балладалар, ертегілер. А., 1974;
  • Қазақ татар байланысы. Монография. A., 1976;
  • Жылдар жырлайды. Өлеңдер. А. 1979;
  • Шабыт шуағы. Өлеңдер мен поэма А., 1984;
  • Жеткіншек. Өлеңдер мен дастандар. А., 1985.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}