Бүркіттің өң-түсі, жүн жамылғысының сыны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Бүркіттің өң-түсі, жүн жамылғысының сыны - қара ала, сары ала, ақ ала, ала, қара кер, қоңыр, көк сүр, құла сүр қызғылт, жирен ақиық, қоңыр ала қара, шұбар, ақ, кесек жүнді, жапырақ жүнді, ала жүнді, қабырақ жүнді, көк шаңғыттай жүнді, тура жүнді, қияқ жүнді, қызыл балақ, қанды балақ, қызыл шуда. Осал бүркіттердің жүні қарға жүнді, өлгек, ұсақ болады. Қанаттың сыңар қаңқасын түзген бүркіттегі 26 тал (оның саны 40-қа дейін барады) қауырсынның түбі құстың топшы, білезік, қар сүйектеріне түтасып тұрады. Олардың басын басып тұратын жүндерді кіреуке жун деп атайды. Бір қанаттың өзі үш қатар үзынды-қысқалы қауырсыннан тұрады: а) шеткі ең ұзын алдыңғы қатардағы топшыдан шыққан қауырсыны 12-14 дана - ұзын шалгы. Құс қанатының ең сыртқы бір ғана қауырсынын пыша атайды. Пышақ шалғының сыртына қараған қырын шалғының қылышы, үшын сыдыргы дейді. құс топшысынан пышақ қыры тұрмелеріне біткен би буын саусақтарындажарыса орналасқан ішкіжағындағы шолақтауы жешім шалгы аталады. ә) ортадағылары білезік, қар сүйекте шыққан тоң қанат. Оның саны бүркітте 28-30 болады. Тұлеген кезде ең алдымен түседі, онан кейін шалғылары алмасады. б) түбіне қарай біткені ірге қанат аталады. Олардың ұшуға қатыстылығы аз, тек ұшу қанат пен сыртқы жабынды жүнді байланыстырып тұрады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}